Универсиада-2015. Таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев алтын медаль иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2015. Таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев алтын медаль иеленді

10.07.2015
Универсиада-2015. Таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев алтын медаль иеленді

Таэквондодан 58 келіде сынға түскен Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Мамаев Жазғы Универсияданың чемпионы атанды. Ол – финалда таяуда ғана Әзірбайжан астанасы Бакуде аяқталған І Еуропа ойындарының жеңімпазы – португалиялық  Ребело Браганканы 2:0 есебімен ұтты.

Бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.

Айта кетейік, осыған дейін жүзу спортынан – Дмитри Баландин, жеңіл ателтикадан – Виктория Зябкина 100 және 200 метрге жүгіруден алтын медаль алған.

Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Кванджудағы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетуде.

 

Хабарламаларға жазылу