Универсиадада қазақстандық спортшылар 6 алтын, 4 қола медальға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиадада қазақстандық спортшылар 6 алтын, 4 қола медальға ие болды

14.07.2015
Универсиадада қазақстандық спортшылар 6 алтын, 4 қола медальға ие болды

Оңтүстік Кореядағы Универсиада ойындары мәресіне жетті. 

Соңғы болып, таэквондошы қыз-жігіттеріміз командалық есепте бақ сынады. Әйелдер құрамасының сапында Бану Мансұрова, Феруза Ергешова және Гүлім Бибіәлиева шықты.

Жерлестеріміз Корея құрамасына 29:14 есебімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.

Ерлер құрамасы ширек финалда Қытай командасымен даянгке шығып,  18:16 есебімен қарсылас командаға  есе жіберді. 

Жалпы Универсиадаға еліміздің атынан 95 студент спортшы қатысып  6 алтын, 4 қола медаль жеңіп алды.

 

Индира БЕКТЕНОВА

 

 

Хабарламаларға жазылу