Таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев Универсиада ойындарында алтын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев Универсиада ойындарында алтын алды

10.07.2015
Таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев Универсиада ойындарында алтын алды

Универсиада ойындарында ел қоржынына екі алтын медаль түсті. Көк туымызды көкте желбіреткен - таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев пен жеңілатлет Виктория Зябкина.

Бүгінгі күннің алғашқы алтыны 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған таэквондо шебері Нұрсұлтан Мамаевтың еншісінде. Спортшы  жартылай финалда ирандық таэквондошыны ұтып, ақтық сында Португалия құрамасының өкілін 2:0 есебімен ұтты.

100 метрге жүгіруде Виктория Зябкина Универсиада чемпионы атанды. 200 метр қашықтықта да жерлесіміз көздегеніне жетті. 

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында - 4 алтын медаль. 

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу