Универсиада-2015. Қазақстандық биатлоншы Алина Райкова жеке сайыста алтын жүлде жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Универсиада-2015. Қазақстандық биатлоншы Алина Райкова жеке сайыста алтын жүлде жеңіп алды

26.01.2015
Универсиада-2015. Қазақстандық биатлоншы Алина Райкова жеке сайыста алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстандық спортшы нысана көздеуден 1 рет мүлт кетіп, 15 шақырымдық жарыс жолын 47 минут 29,4 секундта жүріп өткен. Екінші орынды оқ атуда атыста қателеспеген ресейлік Екатерина Аввакумова иеленді. Қола жүлдені 4 рет мүлт кеткен словакиялық Паулина Фиалкова еншіледі.

Ал, мәреге Алинадан 56,9 секунд кеш келген тағы бір отандасымыз Галина Вишневская жарысты төртінші орында аяқтады.

Айта кетейік, бұл қазақстан қоржынындағы екінші алтын медаль. Бұған дейін Анастасия Слонова шаңғы жарысында «алтын» иеленген.

Универсиада-2015. Осрблье, Словакия. Биатлон. 15 шақырым. Әйелдер.

 

1. Алина Райкова (Қазақстан) 47.29,4 (1)

2. Екатерина Аввакумова (Ресей) +9,0 (0)

3. Паулина Фиалкова (Словакия) +41,7 (4)

4. Галина Вишневская (Қазақстан) +56,9 (2)

Хабарламаларға жазылу