Жеңіл атлетші Н.Филиппов Универсиада чемпионы атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеңіл атлетші Н.Филиппов Универсиада чемпионы атанды

11.07.2015
Жеңіл атлетші Н.Филиппов Универсиада чемпионы атанды

Оңтүстік Кореяда  өтіп жатқан 28-ші Жазғы Универсиадада Қазақстандық студент спортшылар тағы бір алтын медаль еншіледі. Сырықпен секіруде Никита Филипов Универсиада чемпионы атанды.

5 метр 50 сантиметр. Міне дәл осы нәтиже Никитаға бірінші орынды жеңіп алуға мүмкіндік берді.  

Үш қарғып секіруші Ирина Ектова 13 метр 45 сантиметр нәтижемен 6-шы орында.

Таэквондошы  қыз жігіттердің арасынан 87 келіден жоғары салмақта Руслан Сапаров қана даянкке үш мәрте шықты. Алғашқы айналымда тайпейлік қарсыласынан басым түскен ол АҚШ спортшысында ұтқан.

Бірақ ширек финалда корей таэквондошысына жол берді.

 

Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу