Алматы облысында азаматтарды жұмыспен қамту табысты жүзеге асырылып жатыр

Алматы облысында «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында 4 жылда 50 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Бұл туралы Президент әкімшілігі жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің Талдықорғандағы филиалында айтылды.
Жалпы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 2011 жылдан бері 28,2 млрд теңге бөлінді. Биыл өңір 27 мың жұмысқа мұқтаж азаматты еңбекпен қамтуды жоспарлаған. Бірақ меже артығымен орындалып, 32 мыңнан астам жетісулық жұмыссыздар қатарынан шықты. Жол картасының 2-ші бағыты бойынша 2015 жылдың 10 айында 609 азамат жеңілдетілген несие алып, жеке кәсібін ашты. Қазіргі таңда алған несиелерін қайтаруға кірісті. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қаныбек Айтжановтың айтуынша несие алғандар қарыздарын дер кезінде қайтаратын көрінеді.
«Біздің облыста несиені қайтару жағынан проблема болып тұрған жоқ.Барлығы уақытысында қайтарылып отыр. Қайтарылған микрокредиттің есебінен біз биылғы жылдың өзінде 250 млн теңгедей қарыз береміз»-деп атап өтті басқарма басшысы.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
Kaznews.kaztrk.kz

Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде зорлық көрген оқушы облыс орталығына жеткізілді
15.10.2025, 20:30

Екі ел шекарасында тағы да атыс болып, 12 ауғандық қаза тапты
15.10.2025, 20:30
«ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр
15.10.2025, 20:30
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
15.10.2025, 20:30
Қылмыспен күрес ісіне тұтас қоғам жұмылады
15.10.2025, 20:30
Автобус апаты: Алуа алғашқы қадамын жасады
15.10.2025, 20:30
Елімізге криптовалюта резерві не үшін қажет?
15.10.2025, 20:30
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі
15.10.2025, 20:30