Елордалық білім ордалары ата-аналармен қызықты қайырымдылық шарасын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық білім ордалары ата-аналармен қызықты қайырымдылық шарасын өткізді

19.02.2018

Ұстаздар мен ата-аналар күш біріктірсе, балалардың білімі жоғары, тәрбиесі түзу болады. Осы қағиданы ескерген елордалық білім ордалары ата-аналармен қызықты қайырымдылық шарасын өткізді. Еркін кездесуде тәрбие жұмыстарының тиімді тетіктерінен өзге, көңілді жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Ата-аналар балаларымен бірлесе әзірлеген тағамдарын арзан бағамен сатты.  Бұдан бөлек, оқушылардың өз қолымен жасаған бұйымдары да  сатылымға  қойылды. Одан түскен қаржы онкологиялық аурумен науқастанатын балаларға сыйлық алу үшін жұмсалмақ. Осылайша, тәлімгерлер мен отбасы мүшелері балғындарды жастайынан мейірімділікке, татулыққа үйретуді көздеп отыр. Рухани бағыттағы шарапатты шара алдағы уақытта дәстүрге айналмақ. 

Құралай Мұқышева, № 79 мектеп-лицейінің директоры:

- Мектептің білім сапасын көтеру үшін тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылуы керек. Сондықтан, мектептің тәрбиесі жақсы болса, ол білім сапасын көтеруге де мүмкіндік береді. Сол үшін бұл жұмыс жасалып жатыр.

Хабарламаларға жазылу