Барселонада шерушілер Каталония лидерлерін босатуды талап етті
Испанияның Барселона қаласында мыңдаған адам Каталония үкіметінің түрмеде отырған мүшелерін босатуды талап етті. Демонстранттар қаланың Сан-Жауме алаңына жиналып, «бостандыққа шықсын» деген ұран көтерді.
Таяуда Каталонияның бұрынғы үкіметінің 6 мүшесі 100 мың еуро кепілдік беріп босатылған еді. Енді тағы төртеуі қамауда отыр. Олардың қатарында үкіметтің бұрынғы төрағасы мен Ұлттық ассамблеяның лидерлері бар. Ал, Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пучдемон өзінің төрт жақтасымен Брюссельде жүр. Сондай-ақ, ол сайлауалды кампаниясын сол жақтан жүргізбек.
Каталонияда желтоқсанның 21-і күні парламенттің жаңа құрамы сайлануы тиіс.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде зорлық көрген оқушы облыс орталығына жеткізілді
15.10.2025, 20:30

Екі ел шекарасында тағы да атыс болып, 12 ауғандық қаза тапты
15.10.2025, 20:30
«ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр
15.10.2025, 20:30
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
15.10.2025, 20:30
Қылмыспен күрес ісіне тұтас қоғам жұмылады
15.10.2025, 20:30
Автобус апаты: Алуа алғашқы қадамын жасады
15.10.2025, 20:30
Елімізге криптовалюта резерві не үшін қажет?
15.10.2025, 20:30
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі
15.10.2025, 20:30