Мәжілістің жалпы отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілістің жалпы отырысы өтті

26.09.2018

Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста бірқатар ратификациялық заң жобасын мақұлдады. Мәселен, қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдерді беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялаудың маңызы зор. Өйткені, депутаттардың айтуынша, қазір әлемде есірткі мен қару-жарақты заңсыз тарату проблемасының ұлттық шекарасы жоқ. Сондықтан да, жаһандық деңгейде мемлекетаралық ынтымақтастықты күшейту қажет, бұл орайда халықаралық заңнаманы жетілдіру керек. Қазіргі кезде есірткі мен қаруды мемлекеттер арасында беру тәртібі халықаралық келісімдермен анықталмаған. Ал, бұл хаттамада ТМД қатысушы мемлекеттердің арасында қылмыстық істер бойынша заттай дәлел болатын есірткі не қару-жарақты беру тәртібін бекітеді.  Хаттама ережелері Конституцияға сәйкес адам құқықтарын шектемейді және ешқандай қосымша қаржылық шығынды талап етпейді.

79 млн. тоннадан астам мұнай Қазақстанға жіберіледі. Мәжілістің жалпы отырысында тиісті құжат қаралып, ратификациялық заң мақұлданды. Мұнай құбырының Қазақстандағы бөлігінде 62 мың тоннадан астам технологиялық мұнайдың меншік құқығы айқындалмаған. Омбы-Павлодар мұнай құбырының Ресей учаскесінде 141 мың 700 технологиялық мұнайдың меншігі шешілмеген. Бұл келісімнен Қазақстан экономикалық пайда табады.  

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу