Астанада өртке қарсы оқу-жаттығу өтті
Өрт сөндірушілер зәулім ғимараттағы отты өшіруге бағытталған оқу-жаттығу өткізді. Сценарий бойынша Астана қаласындағы 53 қабатты бизнес орталықтың 22-ші қабатында электр сымдары тұйықталып, өрт тұтанған.
Тактикалық жиынның шарты бойынша нысандағы барлық адамдар эвакуацияланды. 2600-ге жуық қызметкерлер ғимараттан 22 минут дегенде шыққан. Ал жалын ошағы лезде табылып, бірден ауыздықталды. Оқу-жаттығуға барлығы 60 өрт сөндіруші қатысып, 7 техника қолданылған. Осылайша, олар биік нысандарда болатын төтенше жағдайға өз дайындықтарын пысықтады.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде зорлық көрген оқушы облыс орталығына жеткізілді
15.10.2025, 20:30

Екі ел шекарасында тағы да атыс болып, 12 ауғандық қаза тапты
15.10.2025, 20:30
«ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр
15.10.2025, 20:30
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
15.10.2025, 20:30
Қылмыспен күрес ісіне тұтас қоғам жұмылады
15.10.2025, 20:30
Автобус апаты: Алуа алғашқы қадамын жасады
15.10.2025, 20:30
Елімізге криптовалюта резерві не үшін қажет?
15.10.2025, 20:30
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі
15.10.2025, 20:30