Қытайлық ғалымдар Аралдың шөл даласын көгалдандырып, құмды алқаптарынан оазис жасауды көздеп отыр. Пилоттық жоба келер жылы көктемде жүзеге аспақ. Жаңа технологияның тиімділігіне көз жеткізу үшін әлемнің екі жерінде сынақ өткізілген. Мамандар оның сәтті аяқталғанын айтады. Астанадағы Ұлттық биотехнология орталығында салаға жауапты ведомство өкілдері мен Қытайдың Қазақстандағы елшісі кездесіп, мәселені жан-жақты қарастырды. Екі ел арасындағы ғылыми әлеуетті одан әрі дамыту мақсатында биотехнология, биологиялық қауіпсіздік, ветеринария саласындағы кадрларды даярлау, медицина саласындағы зерттеулерге инвестиция тарту секілді мәселелер де талқыланды. Сонымен қатар меймандар түрлі ауруларды диагностикалаудың инновациялық әдістеріне негізделген жаңадан ашылған генетикалық зертхананың жұмысымен де танысты.
Ғабидолла Оспанқұлов, ҚР СІМ инвестиция комитетінің төрағасы:
Өткен жолы Қызылордаға барып, жаңағы пилотттық жүзеге асатын жердің топырағын алды. Олар айтып отыр, бұған дейінгі жерден өзгешелік бар деп. Әрине әр жердің өзгешелігі болады ғой. Соған байланысты реагентті таңдаймыз деді. Соған сәйкес келетін. Келесі жылдың ерте көктемінен бастап кетеміз жұмысты. Соның нәтижесінде ылғалды сақтау, микроорганизм пайда болуы, шөптің өсуі біраз уақыт алады. 1-2 жылда бір нәтиже көрінеді.
Жандос Темірғали