Су тасқыны: Мектеп пен балабақшаларды қалпына келтіруге 7,5 млрд теңге бөлінді
Үкімет көктемгі су тасқынынан зардап шеккен білім беру мекемелерін қалпына келтіруге және кейбірін қайта салу үшін төтенше резервтен 7,5 млрд теңге бөлді. Қалпына келтіру жұмысы еліміздің үш өңірін қамтиды. Олар Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстары. Қостанай облысында Жангелдин ауданындағы Айса Нұрманов атындағы мектеп ғимаратын жөндеу жоспарланған.
Ақмола облысында Атбасар қаласында №1 мектеп, осы аудандағы Сергеевка ауылында «Есіл» сауықтыру кешені, сондай-ақ Державинск қаласында Абай атындағы мектеп салынады. Ақтөбе облысында Көтібар батыр атындағы мектеп және Мұғалжар ауданындағы «Балауса» балабақшасы, Ойыл ауданындағы «Балбөбек» мектеп-бақшасы мен балабақшасы, Екпетал мектебі қамтылады.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде зорлық көрген оқушы облыс орталығына жеткізілді
15.10.2025, 20:30

Екі ел шекарасында тағы да атыс болып, 12 ауғандық қаза тапты
15.10.2025, 20:30
«ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр
15.10.2025, 20:30
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
15.10.2025, 20:30
Қылмыспен күрес ісіне тұтас қоғам жұмылады
15.10.2025, 20:30
Автобус апаты: Алуа алғашқы қадамын жасады
15.10.2025, 20:30
Елімізге криптовалюта резерві не үшін қажет?
15.10.2025, 20:30
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі
15.10.2025, 20:30