Ақтөбеде қызылша жұқтырғандар көбейіп барады
Ақтөбе облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Ақпан айынан бері вирус жұқтырды деген күдікпен 593 адам тіркелген. Зертханалық тексеріс нәтижесінде олардың 370-нен ауру белгілері анықталған. Дәрігерлердің айтуынша, балалар арасында қызылшаға қарсы екпе алмағандар көп. Қазір ем алып жатқандардың да көбі он төрт жасқа дейінгілер.
Оқу жылы басталғалы 56 бала ауырған. Ауруханаларда барлығы 70 науқас бар. Қосымша 101 кереуеттік орын дайындалды. Мамандар жағдай осылай жалғаса берсе, білім беру ұйымдары онлайн режимге көшуі мүмкін екенін ескертеді.
Мейрамбек Құрманғазин, облыстың бас инфекционист дәрігері:
Баланың саны 4-5 асқан жағдайда алдын алу шараларының тәртібіне сай, сол мектептің бірінші сыныбы әрі қарай бүкіл мектепке дейін жабылу қаупі орын алуы мүмкін. Жоспарға сай, санына сай, егер етек жайып бара жатса жабамыз.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде зорлық көрген оқушы облыс орталығына жеткізілді
15.10.2025, 20:30

Екі ел шекарасында тағы да атыс болып, 12 ауғандық қаза тапты
15.10.2025, 20:30
«ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр
15.10.2025, 20:30
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
15.10.2025, 20:30
Қылмыспен күрес ісіне тұтас қоғам жұмылады
15.10.2025, 20:30
Автобус апаты: Алуа алғашқы қадамын жасады
15.10.2025, 20:30
Елімізге криптовалюта резерві не үшін қажет?
15.10.2025, 20:30
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі
15.10.2025, 20:30