Шымкентте қоғамдық көлік жүргізуішілерін аттестациялау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте қоғамдық көлік жүргізуішілерін аттестациялау басталды

14.04.2023

Бес адамның өліміне себепші болған автобус апатынан соң Шымкентте қоғамдық көлік жүргізуішілерін аттестациялау басталды. Олар жол жүру ережелері, алғашқы медициналық көмек көрсету және техника қауіпсіздігі бойынша сынақ тапсыруда. Комиссия жүргізушілердің кәсіби тәжірибесі мен біліктілігін қатаң сараптаудан өткізбек. Естеріңізге сала кетсек, «Шымкентbus» компаниясына тиесілі автобус өткен аптаның сенбісінде жолындағына жайпаған еді. Ал аман қалған 18 жастағы бойжеткен әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның денсаулығы қалыпты дейді. Осы оқиғадан кейін қоғамдық көлік иелері тегіс тексеруден өтетін болды. Жалпы мегаполисте жолаушылар тасымалымен 10 компания айналысады. Күн сайын 900-ге жуық қоғамдық көлік 77 бағыт бойынша қызмет көрсетеді.

Әбдібек Үкібаев, аттестациялау тобының мүшесі:

Пайызбен есептегенде 85 пайызы аттестациялаудан өтті. 15 пайызы өте алмады. Өте алмағандарға қайта дайындалып келіп тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр. Одан да өте алмағандарға шара басқаша болады.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу