«Ұлы дала» республикалық әдеби байқауы аяқталды
«AMANAT» партиясы жариялаған «Ұлы дала» республикалық әдеби байқауы мәреге жетті. Биыл әдеби конкурс Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналды. 26 тамыз бен 10 қараша аралығында өткен байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 152 шығарма келіп түскен. Олардың барлығы жасырын атпен ақпарат құралдарында жарияланды.
Байқаудың «Поэзия» номинациясы бойынша бірінші орынды ақын Жәнібек Әлиман жеңіп алды. Ал «Проза» номинациясындағы бірінші орын жазушы Әлихан Жақсылыққа бұйырса, «Балаларға арналған шығарма» номинациясы Алпысбай Әбділұлына бұйырды. Ал «Драматургия» бойынша бірінші орынды Ықылас Шалғынбай еншіледі.
Аманжол Әлтай, қазылар алқасының төрағасы:
Әрбір шығармашылық тұлға өзінің деңгейін жақсы біледі. Сондықтан біз осы өлеңдердің ішіндегі мазмұнына қарай, талаптарымыздың деңгейіне сай келетін шығармаларды 1,2,3 орынға лайық деп таптық. Негізгі байқаудың басты мақсаты – жас қаламгерлерді, ақындарды анықтап, таланттыларын ынталандыру.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Жолдауды іске асыру жоспарын қабылдады
15.09.2025, 17:03

Президент Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады
15.09.2025, 17:00
2 палуанымыз Хорватияда медаль еншіледі
15.09.2025, 14:42
Бокстан Әлем чемпионатына шолу
15.09.2025, 14:38
Бокстан Әлем біріншілігінде Қазақстан көш бастады
15.09.2025, 14:35
Газа қаласынан 300 мыңдай палестиндік босып кетті
15.09.2025, 14:34
Филиппиндегі өрттен мыңдаған адам баспанасыз қалды
15.09.2025, 14:31
Өңдеу саласына инвестиция тарту маңызды
15.09.2025, 14:28