Депутат: Семей қаласы жылусыз қалуы мүмкін
Семей қаласы жылусыз қалуы мүмкін. Сенат депутаты Айнұр Арғынбекова Абай облысының ескірген жылу-электр орталығы жылыту маусымында тоқтап қалуы мүмкін екенін айтып, Премьер-Министрге сауал жолдады. Сенатордың сөзінше, тозығы жеткен жергілікті жылыту орталығы жөнделмесе, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне қауіп төнеді. Аймақтағы коммуналдық кәсіпорынның қарызы да шаш етектен. Қазір, жаңадан құрылған облыста әлеуметтік маңызы бар осындай нысандарды жөндеуге қаржының жоқтығы қолбайлау болып отыр, дейді депутат.
Айнұр Арғынбекова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Жылукомунэнерго» -ның несие қарызы 2,9 млрд теңгеге жеткен, оның ішінде жалақы бойынша қарыз – 318 млн теңге. Түскен барлық қаражат жалақы төлеуге жұмсалады. Жылыту маусымының үзіліп қалу қаупі бар, бұл климаты қатал аймақтағы халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірелі тұр. Үкіметінің резервінен 1,9 млрд теңге қаржы бөлу мәселесін қарауды сұраймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Жолдауды іске асыру жоспарын қабылдады
15.09.2025, 17:03

Президент Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады
15.09.2025, 17:00
2 палуанымыз Хорватияда медаль еншіледі
15.09.2025, 14:42
Бокстан Әлем чемпионатына шолу
15.09.2025, 14:38
Бокстан Әлем біріншілігінде Қазақстан көш бастады
15.09.2025, 14:35
Газа қаласынан 300 мыңдай палестиндік босып кетті
15.09.2025, 14:34
Филиппиндегі өрттен мыңдаған адам баспанасыз қалды
15.09.2025, 14:31
Өңдеу саласына инвестиция тарту маңызды
15.09.2025, 14:28