Өңірлерде «Amanat» партиясының активі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өңірлерде «Amanat» партиясының активі өтті

09.09.2022

Балабақшадағы тәрбиешілердің жалақысын көтеретін кез келді. «Amanat» партиясының өңірлік филиалдарында президенттің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша партия активі өтті. Қарағандыда тәрбиеші болғысы келетін талапкерлер саны 10 есе азайып кеткен. Себебі айлық төмен. Сол себепті өңірде халықаралық стандарттарды ескере отырып, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленеді. Ал теріскей жұрты ең төменгі жалақы мен зейнетақыны көтеру – халық ықыласына ие болған бастама деп есептейді. Ақмола облысындағы партиялықтар 650 ауылда емдеу мекемелерін салу, бала күтімі бойынша төлем жүргізуді бір жарым жасқа дейін ұзарту әлеуметтік қамсыздандыруды түбегейлі жақсартады дейді. Еске сала кетейік, Ерлан Қошанов реформаларды іске асыруға партиядағы барлық ресурстарды жұмылдыру керегін айтқан.

Ләззат Разбекова, «Amanat» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі:

Балабақшадағы тәрбиешілер мәселесі қалып қойған еді. Осы сұрақтарға Президент нақты жауап берді. Ең әуелі тәрбиешілердің әлеуметтік жағдайын көтеру, жалақысын көтеру. Содан кейін аттестациядан өткізу. Демек жұмыстың сапасын көтеруге басты назар аударды.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу