Сөзден іске: Референдум қорытындысы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сөзден іске: Референдум қорытындысы талқыланды

10.06.2022

Референдум қорытындысы – қоғамдық топтасудың жаңа деңгейін көрсетті. Вице-премьер Ералы Тоғжанов «Amanat» партиясының орталық аппаратында өткен «Talqylau» алаңында осылай деді. Ал, саяси ұйымның атқарушы хатшысы Асхат Оралов елде демократия институты нығайып келе жатқанын айтты. Халық таңдау жасау арқылы өзекті мәселенің түйінін тарқатуға қадам жасады. Жер дауы, сот әділетсіздігі сияқты проблемалар түбегейлі шешілуі тиіс. Демек үкіметтің алдында жаңа міндеттер тұр. Бұл - азаматтардың өтініш-тілектеріне жедел әрі тиімді әрекет ету. Тұрақты жұмыс орындарын ашып, халықтың табыс деңгейін, әлеуметтік және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру басты мақсат.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

Қабылданған шешімдер бүкіл қоғамның басын біріктіруге мүмкіндік жасады десем артық айтқандық емес. Сөз жоқ елдің сана-сезіміне тікелей әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан халық оны қолдады, халық бірге болды. Негізгі бір қабылданған шешім – бұл Президенттің қабылданған реформаларын халықтың қолдауы деп айтуға болады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу