Солтүстік Кореяда алғаш рет коронавирус анықталды
Солтүстік Кореяда алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. «Омикрон» штамы Пхеньянның бірнеше тұрғынынан анықталған. Науқастардың нақты саны аталмай отыр. Олар коронавирус симптомдарымен дәрігерге көрінуге барған. Осыдан кейін күллі ел аумағында «төтенше жағдай» жарияланып, уездер мен қалаларда қатаң локдаун енгізілді. Шекарада бақылау күшейтілді. Ел билігі бұған дейін шекараларды толықтай жабу арқылы коронавирустың таралуына жол бермегенін мәлімдеп отыр. Дегенмен сарапшылар Солтүстік Кореяда әлемдік пандемия кезінде індетті жұқтырудың бірде-бір фактісі тіркелмегеніне күмән келтіреді.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде зорлық көрген оқушы облыс орталығына жеткізілді
15.10.2025, 20:30

Екі ел шекарасында тағы да атыс болып, 12 ауғандық қаза тапты
15.10.2025, 20:30
«ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр
15.10.2025, 20:30
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
15.10.2025, 20:30
Қылмыспен күрес ісіне тұтас қоғам жұмылады
15.10.2025, 20:30
Автобус апаты: Алуа алғашқы қадамын жасады
15.10.2025, 20:30
Елімізге криптовалюта резерві не үшін қажет?
15.10.2025, 20:30
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі
15.10.2025, 20:30