Солтүстік Қазақстанда су басу қаупі бар 85 елдімекен бақылауға алынды
Солтүстік Қазақстанда су басу қаупі бар 85 елдімекен бақылауға алынды.
Мамандардың мәліметінше, Сергеев су қоймасы қазір 80 пайызға толған. Көктемгі тасқын зардабының алдын алу үшін бюджеттен 675 млн теңге бөлінді. Синоптиктердің болжамынша, осы айда ауа температурасы күрт жылынып, жаңбыр жиілейді. Сондықтан, Есіл өзені арнасынан асып, бірнеше елдімекенге қауіп төндіруі әбден мүмкін.
Рамиль Камалов, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Қауіпті аймақта 6 мыңнан астам адам тұрады. Барлығы 1872 тұрғын үй. Су тасқыны бола қалса қажетті техника мен мамандар жедел әрекет етуге әзір. Елдімекендерден 463 мың текше метр қар шығарылды. Халық арасында су тасқыны кезінде туындайтын қауіп-қатерді азайту шаралары туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде зорлық көрген оқушы облыс орталығына жеткізілді
15.10.2025, 20:30

Екі ел шекарасында тағы да атыс болып, 12 ауғандық қаза тапты
15.10.2025, 20:30
«ХАМАС» Газаны қайтадан бақылауға алып жатыр
15.10.2025, 20:30
Мәжілісте жаңа депутат ант берді
15.10.2025, 20:30
Қылмыспен күрес ісіне тұтас қоғам жұмылады
15.10.2025, 20:30
Автобус апаты: Алуа алғашқы қадамын жасады
15.10.2025, 20:30
Елімізге криптовалюта резерві не үшін қажет?
15.10.2025, 20:30
Инклюзивті білім беру – мүмкіндігі тең болашақтың кепілі
15.10.2025, 20:30