Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді

10.01.2022

Премьер-Министрдің міндетін атқарушы Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру жөнінде кеңес өткізді. Отырыс тәртіп орнату кезінде қаза болғандарды еске алуға арналған үнсіздікпен басталды. Қазір ведомствоаралық тергеу тобы құрылып, бас прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған. Күштік құрылымдар жауынгерлік дайындықтың ерекше режиміне ауысқан. Қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына көмек көрсету, коммуналдық қызметтердің жұмысын қалпына келтіру, екінші деңгейлі банктердің онлайн сервистеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету сияқты бірқатар шаралар жүзеге асырылған. Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы қойған өзге де міндеттерді сапалы әрі жедел іске асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрінің міндетін атқарушы:

Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру нәтижесінде полиция мен әскери қызметшілер өмірден озды. Біз олардың ҚР Конституциясын сақтау жолындағы ерліктерін мақтан тұтамыз. Бүгін елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Біз де сіздермен бірге қайғырамын.


Хабарламаларға жазылу