Сенат үш жылдық бюджетті талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат үш жылдық бюджетті талқылады

18.11.2021

Сенат алдағы 3 жылдық бюджетті талқылады. Қаржы және бюджет комитеті қазына қаржысын жұмсаудағы бірқатар түйткілдерге тоқтады. Атап айтқанда Ұлттық қор трансфертіне қатысты тұжырымын айтты. Бұл жөнінде толығырақ Сенаттың жалпы отырысына қатысқан әріптесіміз Нысаналы Ығылдан білсек. Нысан депутаттар бюджетті бекіту кезінде қандай мәселелерді ескерді?

Нысаналы Ығыл, тілші:
Олар Ұлттық қорды «сауын сиырдай» көрмеу керек дейді. Ондағы қаржыны оңды-солды пайдалануға болмайды. Тек ұлттық ауқымдағы дағдарысқа қарсы, әлеуметтік және стратегиялық маңыздағы жобаларға қаражат бөлінуі тиіс. Қордың 2021-2022 жылға арналған таза түсімі жоспардағыдай емес. Себебі түсімнен гөрі жұмсалуы басым. Қорыта айтқанда қазір Ұлттық қордың қаржыны жинауға қарағанда тұрақтандыру қызметі қарқынды. Дегенмен алдағы жылға 2 трлн 400 млрд теңге бөлінбек. Ал республикалық бюджеттің 8-де 1 трлн теңгесі әлеуметтік бағытқа қаралып отыр. Жартысына жуығы халықты әлеуметтік төлем мен қамсыздандыруға жұмсалады.

Нысаналы Ығыл

Сенат бюджет

Хабарламаларға жазылу