Қазақстан мен Моңғолияның мәдени байланысы туралы кітап жарық көрді

Моңғолия Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ислам Қабышұлының «Екі елді ұлықтаған елу жыл» атты кітабы жарық көрді. Жинақта Қазақстан мен Моңғолияның тарихи, мәдени қарым-қатынасы толық әңгімеленеді.
Моңғолия мен қазақ елінің арасында 50 жылдай еңбек еткен тарихшы ғалым ең алғаш Мұхтар Әуезовтің «Көксерегін», кейін «Абай жолын», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділерін», Абайдың толық жинағын моңғол тіліне аударған. «Моңғолдар бұрындары қазақ әдебиетін білмеген.
Ал қазір ұлы Абайды қазақтар қалай құрметтесе, моңғолдар да солай құрметтейді»,- дейді ол. Моңғол энциклопедиясының алғашқы бетінде Абай суретінің тұруы осының дәлелі болса керек.
Ислам Қабышұлы, Моңғолия Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
Шыңғысхан туралы дүниежүзінің 980 ғалымы жазған. Соның ішінде Шыңғысханның әулетін, үлкен ұлы Жошының мавзолейін жақтаған қазақ елі. Моңғолия энциклопедиясының бірінші бетінде Абай тұр. Абай Құнанбаев - әлемдік тұлға, моңғолдар ол туралы толық хабардар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2 палуанымыз Хорватияда медаль еншіледі
15.09.2025, 14:42
Бокстан Әлем чемпионатына шолу
15.09.2025, 14:38
Бокстан Әлем біріншілігінде Қазақстан көш бастады
15.09.2025, 14:35
Газа қаласынан 300 мыңдай палестиндік босып кетті
15.09.2025, 14:34
Филиппиндегі өрттен мыңдаған адам баспанасыз қалды
15.09.2025, 14:31
Өңдеу саласына инвестиция тарту маңызды
15.09.2025, 14:28
Халық пікірі: Білімге құштар жастар қоғамды алға жетелейді
15.09.2025, 14:25
Азаматтардың жеке деректерін таратқаны үшін берілетін жаза күшейеді
15.09.2025, 14:19