Түркиямен ауыл шаруашылығы саласында байланыс нығаяды
Түркияның ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компаниялары Қазақстанға инвестиция салуға мүдделі. Осы бағыттағы жұмыстарды тереңдету мақсатында Анкарада Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров түркиялық әріптесі Бекир Пакдемирлимен кездесті. Қос министр шикізатты терең өңдеу, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өзара қарым-қатынасы мен сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жайын талқылады.
Бұдан бөлек Қазақстан елшілігінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы министрі Түркияның агроөнеркәсіп бағытындағы жетекші компания басшыларымен де кездесті. Жиында Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау шаралары мен еліміздің инвестициялық тартымдылығы әңгіме өзегі болды.
Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінде инвесторлардың құқығын қорғауға, жасалған келісімшарттарының тұрақты болуына кепілдік берілген. Сондай-ақ мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты жұмысы дәлме-дәл регламенттелген. Қазақстанда инвесторлардың құқығын қорғау үшін инвестицияны қорғау заңы қабылданған. Сөзімді қорытындылай келе түрік кәсіпкерлерін ауыл шаруашылығы мен өңдеу саласында бірлескен жобалары іске асыру үшін ынтымақтастық орнатуға шақырғым келеді.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
2 палуанымыз Хорватияда медаль еншіледі
15.09.2025, 14:42
Бокстан әлем чемпионатына шолу
15.09.2025, 14:38
Бокстан әлем біріншілігінде Қазақстан көш бастады
15.09.2025, 14:35
Газа қаласынан 300 мыңдай палестиндік босып кетті
15.09.2025, 14:34
Филиппиндегі өрттен мыңдаған адам баспанасыз қалды
15.09.2025, 14:31
Өңдеу саласына инвестиция тарту маңызды
15.09.2025, 14:28
Білімге құштар жастар қоғамды алға жетелейді
15.09.2025, 14:25
Азаматтардың жеке деректерін таратқаны үшін берілетін жаза күшейеді
15.09.2025, 14:19