Алматыда 265 отбасы баспаналы болды
Алматыда қала күніне орай 265 отбасы баспаналы болды. Үй кезегінде тұрғандарға коммуналды тұрғын үй қорынан пәтер ұсынылып отыр. Баспана шаһардың Түрксіб және Алатау аудандарында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған жаңа үйлерден берілді. Пәтер кілтін алған 265 адамның ішінде 29 жетім бала, 120 көпбалалы отбасы мен мүгедектер, толық емес отбасы мүшелері бар.
Алматыда жыл басынан бері мыңнан астам жанұя баспаналы болды. Жыл соңына дейін 3500-ге жуық отбасы пәтерлі болады деп жоспарлануда. Қазір шаһарда 26 мыңнан астам адам үй кезегінде тұр.
Жаңагүл Ербазарова, қуаныш иесі:
- Өте қуаныштымын, 11 жыл күткен кілтім. Бүгін өз үйімізге барып, қонысымызды тойлаймыз. Қала күні құтты болсын!
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Хорватияда Загреб бозкілеміне тартыс өтіп жатыр
16.09.2025, 10:31

«Онлайн медицина» пилоттық жобасы іске қосылды
16.09.2025, 10:24
Әкімдерге ескерту жасалды
16.09.2025, 10:20
Дохада төтенше Араб-Ислам саммиті өтті
16.09.2025, 10:18
Футбол командаларын жекешелендіру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
16.09.2025, 10:15
Бокстан тарихи жеңіс сыйлаған қыздарымыз елге оралды
16.09.2025, 10:14
Астаналықтар Айбек Оралбай мен Санжар Тәшкенбайды күтіп алды
16.09.2025, 10:09
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының отырысы басталды
16.09.2025, 10:05