Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа форматы ұсынылды. Алматыда өткен «Адалдық алаңы: сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қоғам мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасының жаңа форматы» атты республикалық форумда сарапшылар айтты.
Мамандардың пікірінше, бұл проблема ел экономикасына кері әсерін тигізіп, инвестиция тарту тетіктерін де тежейді. Әлеуметтік дамуды төмендетіп, ұлттық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан бұрын жемқорларды ұстауға көңіл бөлінсе, енді олардың салдарымен күресіп, болдырмауға күш жұмсалуда. Алқалы жиында жемқорлықты жоюға қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. «Алайда, ең алдымен бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, олардың жемқорлық туралы ойларын өзгертсек қана мәселе оң шешімін табады», - деді қатысушылар.
Алик Шпекбаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы:
Егерде біз өзіміз таза, парасатты, адал болсақ, менің ойымша, мына сыбайлас жемқорлық болмайды деп мен оған сенем. Жастар болашақта келетін осы билікке, мына мемлекетті басқаратын. Сондықтан бәрі мына тазалық деген басталады, ең біріншіден, сол мектеп, балабақша, оқу орындарында. Сондықтан сіздермен бірге бәріміз осыған көңіл бөлуге тиістіміз.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ