Елбасы Жапония императорының ұлықтау рәсіміне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Жапония императорының ұлықтау рәсіміне қатысады

21.10.2019

Ертең Жапонияда ерекше күн. Мамыр айында ғана таққа отырған император Нарухитоны ұлықтау рәсімі өтеді. Шараға әлемнің 150 елінен мәртебелі меймандар келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсімнің қонағы болады. Тұңғыш Президенттің ұшағы бүгін Токиоға жергілікті уақытпен кешкі сегізде қонды.

Дулат Жексенбайұлы, тілші:

Жаңа император Нарухитоны ұлықтау рәсімі о баста барынша сән- салтанатпен әскери парадпен өтеді деп жоспарланған. Алайда соңғы күндері Жапонияда болып жатқан табиғи апаттан кейін тақ мұрагері барлық мерекелік шараларды қысқартып тастады. Соңғы мәлметтерге сүйенсек, қатты дауылдан 70 адам мерт болған. 7 миллион адам қауіпсіз жерге көшірілді. Импетаордың бұл шешімін халық жылы қабылдады. Ол өз халқымен бірге екенін көрсетті.

Жапония конституциясына сәйкес, император – ұлтқа ұйытқы тұлға. Ол саясатқа және күнделікті ел басқару ісіне араласпайды. Әулеттің екі мың жылдан астам тарихы бар. Салтқа берік жапондар император отбасын ардақ тұтады. Әрі «Тәртіп пен үйлесім» дәуірінің басталғанына қуанышты.

Жаңа императордың таққа отыру рәсіміне куә болатыныма қуаныштымын. Себебі мұндай сәттер адамның ғұмырында сирек кездеседі. Мен өзім «хэйсэй» яғни қол жеткен бейбітшілік дәуірінде тудым. Император бұл біздің символымыз. Біз онымен мақтанамыз.

Императордың ұлықтау рәсімі кең көлемде тойланбайтын болды. Себебі қатты дауылдан көп адам зардап шекті. Император отбасының бұл шешімі көпшіліктің көңіліне жылу ұялатты. Әрине заман өзгерді. Бірақ біз өткенімізді ұмытпас үшін император әулетін биік қоямыз.

Салтанатты шараға екі жүзден астам мәртебелі мейман келеді. Құрметті қонақтардың ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бар. Жоспарда Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа импетатормен және үкімет басшысы Синдзо Абэмен екіжақты кездесу өткізеді.  

Ерлан Қожатаев, Қазақстанның Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі:

Нұсұлтан Назарбаевтің 2016 жылы осы елге ресми сапарынан кейін қазақ-жапон қатынастары жаңа деңгейге көтерілді. Қол қойылған құжаттың негізгі мазмұнына сай арнайы жол картасы жасалды. Жапония біздің елге инвестиция құю бойынша 7-ші орында тұр. Бүгінгі күні 67 миллиард долларға жетті. Оның негізгісі мұнай газ саласына тиесілі. Біздің ендігі мақсатымыз инвесторларды өндіріске тарту болып отыр. Бұл бағытта жұмыс жүріп жатыр.

Император Нарухитоны ұлықтау рәсімі жарты сағат болады. Дәстүрлі жорылғылар жасалып, ресми түрде таққа отырады. Халыққа үндеу жасайды.

Д.Нуркин


Хабарламаларға жазылу