Бағдарлама «Шет елге барып жақсы жұмыс істеймін» деп алданып қалған, қорлықтың түр-түрін көрген қазақ қыздарына арналған.
10 жыл бұрын әкесі қатты науқастанған соң Фатима сіңілісі екеуі «көп ақша табамыз» деп Мәскеуге аттанады. Екі жыл ірі сауда дүкенінде кассир қызметін атқарады. Бірақ, үйге қайтамыз дегенде олардың дүниесі астан-кестен болады. Апалы-сіңілілердің көрмеген қорлығы жоқ.
«Жасым 29-да. Өзбекістанда тудық. Шымкентке 1992 жылы көшіп келдік. Туыс-бауырларымыз жоқ, тек сіңілім бар. Анам қайтыс болған соң, әкем жұмыс істеп, соның арқасында оқу бітірдік. 2006 жылы әкем қайтыс болды. Бір жыл өткен соң көрші құрбымның анасы бізге Мәскеуге баруды ұсынды. Ақша, жағдайымыз болмаған соң көндік.
Сіңілім осында қалып, мен бірінші кеттім. Бір аптадан кейін сіңілім келді. Барған бойда дүкен қожайыны құжаттарымызды алып қойды. Бір апта кассада жұмыс істеуді үйретті. Бір аптадан олар бізді соң ұрып, сабай бастады. Қатып калған нан мен қара су берді. Дүкеннің қоймасында жаттық.
Сіңілімнен айырды. Екеумізді де ұрып соқты. Сол дүкенде тұратын 15 адамды бір-бірін сабауға мәжбүрлейтін. Бізге «Іздейтін ешкімдерің жоқ, елге қайтпайсыңдар дейтін», - дейді Фатима.