«Аққу» күйі туралы не білеміз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аққу» күйі туралы не білеміз?

29.06.2015
«Аққу» күйі туралы не білеміз?

Дәулескер домбырашы, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері Нұрғиса Тілендиевтің 400-ге тарта әні бар. Ол 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем  фильмге, 17 мультипликациялық фильмге музыка жазды. Оркестрге арналған поэма, «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Арман» сынды күй мен поэма жазған. Ал, «Аққу» күйінің ерекшелігі қандай?

«Қыз Жібек» фильмінде «Аққу» күйін орындаған Нұрғиса Тілендиевтің өзі болатын. Ол кезде дыбысты сапалы жазатын студиялар болмаса да, күйдің үнін жақсы сақтап қалуға тырысқан. Фильмнің дыбыс режиссері болған Қадыр Қосай «Нұрекең, «Аққу» күйін әр кезде әрқалай орындайтын»,-дейді.

«Жеті-сегіз дубль жаздым. Сондағы 8-9 дубльдің бірі екіншісіне ұқсамайды. Нұрғиса – арқалы адам. Өзі виртуоз, өзі композитор, өзі орындаушы. Бір-екі орындағаннан кейін-ақ, арқасы  қара терге түсіп, киімдерін шешіп тастады»,-деп еске алады Қадыр Қосай.

Шығармада автор махаббаттың символы – аққудың бейнесін, оның әрбір қимылын күй арқылы дәл суреттеген. Сондай-ақ, күйді қос домбырамен күмбірлеткенде, күйшінің ерекше қолтаңбасын көруге болады.

Хабарламаларға жазылу