Тараз студенттеріне бірден екі диплом беріледі
Ресейдегі жоғары оқу орнының дипломын Таразда оқып-ақ алуға болады. Өйткені Мәскеудің Дмитрий Менделеев атындағы химия-технологиялық университеті 2 жылдан бері Жамбыл облысының орталығында білім береді.
Шетелдік жоғары оқу орны Дулати атындағы Тараз университетінің базасында маман даярлайды. Сондықтан осында оқитындар қолына қос диплом алып шығады. Бастапқыда ашылғанда небәрі 30 студент қабылданса, бүгінде 170-ке жетті. Бас-аяғы 155 студент грантта оқиды, шәкіртақы алады. Ал 35 оқытушының 16-сы ресейлік маман. Мұнда химия саласы тереңдетіліп оқытылатындықтан заманауи 4 зертхана бар. Ал оқу бітірген түлектері бірден жергілікті зауыттарға жұмысқа алынады.
Салтанат Телеуова, Д.Менделеев атындағы РХТУ филиалының атқарушы директоры:
Осы үлкен зауыттарға инженерлік кадрлар жетіспейді. Мысалы «Қазфосфат» айтады, 2027 жылы бірнеше мың қызметкерлер керек болады деп. Солардың бәріне біз дайындайын мамандар өте қажет. Бізде оқыған студенттеріміз бітірген кезде 3-4 жылда «Қазфосфатта» жұмыс жасайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы