Басты Жаңалықтар Қарағандыдағы кардиологиялық орталықта рентген-операциялық блок салынады

Қарағандыдағы кардиологиялық орталықта рентген-операциялық блок салынады

Қарағандының облыстық көпсалалы кардиологиялық орталығында жыл сайын жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан 3 мыңға жуық науқас емделеді. Алайда рентген-операциялық бөлімше әзірге бейімделген үй-жайда жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңадан салынғалы жатқан рентген-операциялық блок орталықтың мүмкіндігін кеңейтуі тиіс. Қазір мұнда жүрек қан тамырларын тексеретін төрт арнайы құрылғы бар. Алдағы уақытта тағы 3 аппарат сатып алынбақ. Бұл жүрек ауруларын емдеудің күрделі әрі заманауи әдістерін енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар орталықтағы төсек-орын саны да 200-ге артып, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшелері кеңейтіледі. Бұдан бөлек, заманауи ультрадыбыстық диагностика бөлімшесі ашылмақ.

Ержан Нұрлыбаев, кардиоорталықытың директоры:

Біз тағы үш заманауи ангиографиялық аппарат сатып алуды жоспарлап отырмыз. Бұл жүрек қақпақшаларын қан тамырлары арқылы ауыстыру, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігін емдеу және жүрек ырғағының бұзылуына байланысты операциялар жасау мүмкіндігін кеңейтеді.

Бөлісу