Әлемдегі медицина ғылымдарының докторы атағын алған тұңғыш медбике Дениз Шелимен Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемдегі медицина ғылымдарының докторы атағын алған тұңғыш медбике Дениз Шелимен Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

24.06.2015
Әлемдегі  медицина ғылымдарының докторы атағын алған тұңғыш медбике Дениз Шелимен  Астанада шеберлік сыныптарын өткізеді

22-26 маусым аралығында «Қасиеттi жол» қайырымдылық қоры және «Exxon Mobil Corporation» жобасының  демеушілігімен Астана қалалық №2 балалар ауруханасының медбикелеріне «Инновациялар және медбикелік істегі әдіс-тәсіл» атты шеберлік сыныбы өткізіледі.

Семинар мақсаты - медбикелердің кәсіби біліктіліктерін жетілдіре отырып, түрлі деңгейдегі медициналық жәрдемнен кейінгі науқастар күтімін жақсарту.

Шеберлік сыныбын өткізу үшін Лефкоша қаласы (Солтүстік Кипр Түрік Республикасы) «Лефке» университетінің профессоры Дениз Шелимен шақырылған.

Дениз Шелимен - әлем бойынша  медицина ғылымдарының докторы атағын алған тұңғыш медбике. Нотр Дам Де Сиондегі Француз Қыздар лицейінің  және Стамбул университетінің «Флоренс Найтингейл» медбикелер мектебінің түлегі.

Ол Түркиядағы медбикелерге арналған жоғары мектепке алғаш басшылық етіп, оқу орнының білім беру реформасына өзгерістер енгізген. Кейіннен оның қолданған жүйесі әлем бойынша медбикелер даярлайтын ЖОО-да пайдаланыла бастады.  

Бес күн бойы елордалық медбикелерге науқастарды операцияға дайындау, операциядан кейінгі күтім, жаңа туған сәбилер мен неврологиялық науқастар күтімі, қабылдау бөліміне келген науқастарды іріктеу, амбулаториялық хирургиядағы медбикелердің рөлі және медбикелік істегі этикалық концепциялар тақырыптары бойынша дәрістер оқылады. 

Хабарламаларға жазылу