Басты Жаңалықтар Жауынгерлер жерленген зират тазартылды

Жауынгерлер жерленген зират тазартылды

Петропавл тұрғындары соғыс жылдары жергілікті госпитальдарда қайтыс болған жауынгерлер жерленген зираттың аумағын тазалады. Екінші  Дүниежүзілік соғыс кезінде Солтүстік Қазақстан облысында бірнеше әскери емдеу мекемесі жұмыс істеген. Эвакуациялық госпитальдарда 400-ден астам жауынгер қайтыс болған. Олар жергілікті зираттарда жерленген. Тазалық шарасына 100-ден астам адам, оның ішінде еріктілер, студентте, жастар ұйымдарының өкілдері және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты.

Жангелді Тәжин, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Ол бір жағынан тазалық қана емес, бұл - еске алу, шейіт болған адамдарға тағзым ету. Ол жастарға деген үлгі. Өздерінің жанын аямай, бізге осындай бейбіт күнді алып келген соғыс ардагерлеріне деген тағзым ету.

Тақсай қорымының аумағы тазаланды

Батыс Қазақстан облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы аясында Тақсай қорымының аумағы тазаланды. Он бес жыл бұрын Теректі ауданындағы обалар кешенінен 500-ге тарта алтын әшекеймен көмкерілген ауқатты әйелдің сүйегі табылған еді. Кейін сол мекенге «Алтын ханшайым» кесенесі орнатылды. Сенбілікке қатысушылар қорым айналасын күл-қоқыстан арылтып, ескерткішті әктеді. Тал егіп, айналадағы топырақты қопсытты.

Гауһар Шайхиниязова, AMANAT партиясының облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:

Осы жерде тазалық жұмыстарымен қатар, танымдық жұмысты да жүргізіп жатырмыз. Яғни бүгінгі шара бұл біздің ескерткіштерге деген құрмет, тарихқа тағзым болып есептеледі.
Бөлісу