Түркияда Орта дәлізді дамыту туралы жиын өтті
Транскаспий халықаралық дәлізі арқылы жүк тасымалын арттыруға Түркия да мүдделі. Ыстанбұл қаласында өткен Орта дәлізді дамыту әрі жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуге бағытталған халықаралық жиынға қатысушылар осылай деді. Соңғы жылдары еліміздегі бірқатар маңызды өзгерістерден соң Орта дәліз арқылы жүк тасымалдау мерзімі айтарлықтай қысқарды. Мәселен 2022 жылы Алтынкөл бекетінен Түркияға дейін жүк 40-50 күнде жетсе, қазір бұл көрсеткіш 15-18 күнге дейін қысқарған. Бұл түркиялық кәсіпкерлердің Орта дәлізді таңдауына бірден-бір себеп. Бүгінде Транскаспий коридоры бойынша Қазақстан арқылы жылына төрт жарым млн тонна жүк тасымалданады. Дәліз бойындағы елдер алдағы уақытта бұл көрсеткішті 10 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отыр. Осы және басқа да мәселелерді оңтайлы шешу үшін тараптар үш айда бір кездесіп тұруға уағдаласты.
Әсел Жанасова, ҚР Президенті әкімшілігі
басшысының орынбасары:
Орта дәліз – бұл Түркия үшін, Түркияның экспортын Орталық Азия ғана емес, Азия мемлекеттеріне жеткізу, жаңа нарықтардың ашылуына әкеліп тіреледі. Кей кездерде көріп отырмыз теңіз бойымен маршруттардың жабылуы, басқа маршруттарға альтернативты маршруттар іздеуге әкеледі. Сондықтан Орта дәліздің Түркия үшін, біздің мемлекет, Орталық Азия мемлекеттері үшін маңызы зор. Яғни тауарлардың, бизнестердің тұрмауы дәл өз уақытында жеткізіп, адамдардың өз уақытында тауарларын алуы біз үшін ең басты міндеттердің бірі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы