Басты Жаңалықтар Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады

Жыл соңына дейін Байқоңыр ауданындағы аулалар 100% жаңартылады

Бірлік күні қарсаңында Астанадағы Байқоңыр ауданында үш бірдей абаттандырылған аула пайдалануға берілді. Жобалар «Халық қатысатын бюджет – 2026» бастамасы аясында жүзеге асқан.

Бүгінгі ашылған үш аулада балалар ойын алаңдары орнатылып, демалыс аймақтары жасақталған. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолдары ретке келтіріліп, айнала көгалдандырылған. Жаңартылған жарық шамдар да бар.

Гаухар Оразбаева, қала тұрғыны:

10 жылдан асты бұл жерде ремонт болған жоқ. Осы биыл бәрін істеді ғой. Бәрін алып тастап, жаңадан істеді. Жай емес, капитальный ремонт жасады. Бәріміз қуанып жатырмыз.

Аталған жоба тұрғындардың ұсыныс-пікірлері негізінде іске асырылып, қалалық ортаны жайлы әрі қауіпсіз етуге бағытталған. Биыл аудан бойынша жалпы 70 аула жаңғыртылмақ. Оның ішінде 20 аула толықтай қайта салынады.  50 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Талғат Рахманберді, Байқоңыр ауданының әкімі:

Бұл енді ауданымыздың орталығы, Республика даңғылы, халықтың ең көп шоғырланатын жері. Өздеріңіз көріп отырсыздар, қанша бала-шаға бар. Мен ойлаймын бұл жазғы уақытта демалыстар басталмай тұрып, осындай жұмыстарды бітіру біз үшін өте маңызды. Себебі, алда үлкен жазғы демалыстар келе жатыр. Сол демалыста біздің қала тұрғындары өздерінің балаларымен, ата-әжелеріміз немерелерімен осындай керемет аулада бос уақыттарн тиімді өткізеді деген ойдамыз.

Жалпы Байқоңыр ауданында 252 аула бар. Соңғы жылдары  соның жартысынан көбі жөндеуден өткен. Жауаптылар жыл соңына дейін 100 пайыз барлығын жаңартамыз деп жоспарлап отыр.

Бөлісу