Павлодарда Халықаралық Олимпиада күніне орай веложүріс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Халықаралық Олимпиада күніне орай веложүріс өтеді

23.05.2015
Павлодарда Халықаралық Олимпиада күніне орай веложүріс өтеді

Павлодар қаласында Олимпиада күніне арналған веложүріс 23 мамыр күні сағат 09:30-да басталады. Қатысушылар велосипедтерімен Мемлекеттік Рәміздер алаңынан бастап, Мәңгілік алау паркіне дейін 10 шақырымдай жерді жүріп өтеді. Веложүріске қатысамын деушілердің санына шектеу қойылмаған.

«Жол патрульдің қызметкерлері велосипедшілермен бірге еріп жүріп, автокөлік қозғалысын белгіленген бағыт бойынша уақытша шектеп отырады», - деді А. Ғазизов. Веложүріске облыс және қала әкімдігінің, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлері қатысады.

Еске сала кетейік, 1948 жылдың қаңтар айында Санкт-Морицте өткен ХОК-тің 48-ші сессиясы кезінде Халықаралық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада күнін жыл сайын 23 маусым күні мерекелеу жөнінде шешім қабылданған.

Бүгінде әлем бойынша 200-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері аталмыш шараны атап өтуге мұрындық болуда. Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, достық, сыйластық пен спорттық шеберлікті көрсету.

 

Фото: pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу