Басты Жаңалықтар 11-ші қыркүйек оқиғасына 25 жыл

11-ші қыркүйек оқиғасына 25 жыл

АҚШ-та 11-ші қыркүйек терактісінің 25-жылдығы жақындап қалды. Сол дата қарсаңында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар құрбандарды еске алу рәсімін өткізді.

2001 жылы қыркүйектің 11-де «әл-Қаида» содырлары екі ұшақпен Әлемдік сауда орталығының егіз ғимаратын соққанда, Нью-Йорктің өртпен күрес департаменті 343 адам жоғалтқан екен. Тағы екі ұшақ Пентагон ғимаратына бағытталса, өзге бір лайнер Пенсильванияға құлады. Бұл шабуылдардан бас-аяғы 3 мыңға жуық адам мерт болып, мыңдағаны жұбайынан айрылып, талай ата-ана мен бала  қайғыға батты.

Сол кездегі президент Джордж Буштың бірінші мерзімінде әлемді дүр сілкіндірген лаңкестік шабуыл нәтижесінде АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік саясаты өзгеріп, әсіресе Ауғанстан мен Иракта ондаған жылдарға созылған соғыста  900 мыңдай адамның өмірі қиылды.


Бөлісу