Басты Жаңалықтар Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу жүйесін өзгертпек

Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу жүйесін өзгертпек

Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу тәртібін жетілдіруді жоспарлап отыр. Соңғы 10 жылда алғаш рет Кеңес Регламенті қайта қаралды. Кандидаттарды бағалаудағы «кедергі келтіреді / кедергі келтірмейді» деген тұжырымдардың орнына ашық балдық жүйе енгізілмек.  Сондай-ақ, отырыста аудандық соттардағы 91 бос судья лауазымына арналған конкурс қорытындыланды. Байқауға 294 өтінім түскен. Ең жоғары бәсекелестік Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында тіркелді. Мұнда бір орынға 97 кандидаттан өтінім түскен. Конкурс нәтижесінде 61 кандидатқа ұсыным берілді. Оның 47-сі судьялар корпусын алғаш рет толықтыратын заңгерлер. Ал 14 жұмыс істеп жүрген судья жаңа лауазымдарға ұсынылды. Сонымен қатар Кеңес әртүрлі негіздер бойынша 50 судьяны қызметтен босатуды ұсынды. Оның 25-і отставкаға шығуына байланысты. Кеңес бұл шешімдер сот жүйесіндегі кадрлық іріктеудің ашықтығы мен кәсібилігін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Салтанат Жүсіпбекова, ҚР Жоғары сот кеңесінің мүшесі:
Бұл өзгерістер соынмен қатар конскурстық іріктеуді автоматтандыруға мүмкіндік беретін Кеңестің жеке ақпарттық жүйесін әзірлеумен байланысты. Осылайша біз мемлекет басшысының судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаларын дәйекті түрде жүзеге асырып келеміз.


Бөлісу