Ұлытау облысындағы ауылда мектеп ашылды
Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданына қарасты Манадыр ауылында 80 орындық жаңа мектеп ашылды. Білім ошағы мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен салынған. Заманауи мектепте 18 оқу кабинеті, робототехника бөлмесі мен спорт залы бар. Сонымен қатар оқушылар үшін футбол және баскетбол алаңдары да салынған. Жаңа білім нысаны ауыл балаларының сапалы білім алып, жан-жақты дамуына мүмкіндік береді. Жалпы, Ұлытау облысында жаңа оқу жылында 86 мектепте 41 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр.
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14