Миялы – Тайсойған жолын құм басып қалған
Атырау облысында Миялы – Тайсойған бағытындағы жаңа автожолды құм басып жатыр. 45,8 шақырымдық жолдың құрылысы аяқталғанымен, нысан әлі толық пайдалануға берілмеген. Кей учаскелерде құм асфальттың үстіне шығып, көлік қозғалысына кедергі келтіруде. Құны 14,7 млрд теңге болатын жобаның құрылысы 2023 жылдың күзінде басталған. Жаңа жол Тайсойғаннан аудан орталығына жету уақытын екі-үш сағаттан шамамен 40 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл жағдайды табиғи құбылыс деп түсіндірді. Нысан қабылданғаннан кейін жол Қызылқоға ауданының балансынА беріледі. Ал құм басу қаупі бар учаскелер жүйелі түрде тазартылмақ.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14