Си Цзиньпин Үндістанға сапарлауы мүмкін
Жақында Қытай төрағасы Си Цзиньпин жеті жылдан соң алғаш рет Үндістан астанасы Нью-Делиге сапар шегеді. Кейбір бақылаушылардың ойынша, бұл оқиға Азияның екі алып державасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды жақсарта түскенімен, іскерлік байланыстарды өркендетуі екіталай. Болжамдарға қарағанда, Халықтық Республика басшысы көрші елге осы апта соңында БРИКС саммитіне қатысу үшін аттанбақ. Алайда Си Цзиньпиннің үнді премьер-министрі Нарендра Модимен кездесетінін растайтын ақпарат әзірге жоқ.
Айта кетсек, Қытай мен Үндістан 1962 жылы қысқа уақыт соғысқаны белгілі. Ал 2020 жылы екі жақтың армиясы қақтығысқанда 20 үндістандық, 4 қытайлық жауынгер мерт болды. Дегенмен былтыр Моди Қытайға барғалы тараптардың қатынастары біршама жақсарып келеді.
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026, 20:55
Балаларға қатысты қылмыстар саны азайды
28.10.2026, 20:30
Ауыл тұрғыны 500 қойын 20 мың басқа жеткізді
28.10.2026, 20:22
Түркістанда Kaspi.kz қолдауымен халықаралық марафон өтті
28.10.2026, 20:21
ЕАЭО туралы шартқа 30-ға жуық өзгеріс енгізіледі
28.10.2026, 20:18
Халық пікірі: Жолдау – басым бағыттарды айқындайтын маңызды құжат
28.10.2026, 20:17
«Бақты-Аягөз» теміржол желісі келесі жылы іске қосылады
28.10.2026, 20:15
Бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатыр
28.10.2026, 20:14