Біздің анықтама:
Жазушы Дидахмет Әшімханұлы 1950 жылы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Жаңаүлгі ауылында дүниеге келген.
Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдаған Д.Әшімханұлы еңбек жолын Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (1975–1976), «Лениншіл жас» (1978) газеттерінде тілші болып бастаған. Кейін «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») (1978–1980), «Қазақ әдебиеті» (1980–1992) газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Заман-Қазақстан» (1992–1994) газетінде бас редактордың орынбасары, 1994 жылы халықаралық «Түркістан» газетінде бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарған.
«Ел-шежіре» қоғамдық қорының президенті және «Алаш» баспасының директоры қызметін атқарды.
«Аққабаның толқыны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Каменная падь» (1990), «Жер аңсағай сары атан» (1998), «Самырсын сазы» (2000), «Әңгіме емес әңгімелер» атты әңгімелер мен повестер жинақтарының авторы.
Шығармалары өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, орыс, украин, мари тілдеріне аударылған. Сондай-ақ, А. Курчаткин, Т. Минулмен, А. Аширов, Х. Абдуллин, П. Пурзверу шығармаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Республикалық «Жалын» жабық бәйгесінің екі мәрте жүлдегері. 2005 жылы халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері атанған.