Ол - «Отырардың күйреуі», «Ұстаздың оралуы», «Махамбеттің жебесі» атты кітаптарымен оқырманға жақсы таныс. Ол - ешкімге бас ұрмай өтті, тек әділдікке, ақиқатқа табынып өтті. Оның жазушылық, азаматтық позициясы да осы принциптерден өріліп шықты. Ол - тек қаламгер ғана емес, ол сондай-ақ, саяси қайраткер. Ол – Әнуар Әлімжанов.
Әнуар Әлімжанов 1930 жылы Талдықорған облысы, Сарқанд ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келген. Жастайынан ата-анасынан ерте айырылған ол әдебиетті жанына серік етіп, шағын шығармалар жазу арқылы өзін шыңдады. Қиялындағы мөлдір әлем оны есейе келе қаламгер етті.
Орта мектепті бітіргеннен кейін Лепсі педагогика училищесінде білім алып, кейіннен 1954 жылы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін тәмамдайды. Қаламгердің шығармашылық жолы «Алматинская правда» газетінен басталады. Кейіннен ол бірқатар белді басылымдарда қызмет етеді.
Басылымда қызмет атқара жүріп, бірқатар прозалық шығармаларды да дүниеге әкеледі. 1955 жылдың наурыз айынан бастап, қаламгер «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы қызметтерін атқарады.
Бұдан бөлек, жазушы Азия және Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі комитеттің мүшесі болады. Осындай қызметтерде жүріп, Әнуар Әлімжанов әр алуан тақырыпта қалам тербейді.
Мәселен, оның «Махамбеттің жебесі», «Көгілдір таулар», «Ұстаздың оралуы» сынды шығармалары уақыттың қатал сынынан өтіп, классикалық туындыларға айналып үлгерді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.