Бүгін - Орал Таңсықбаев дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Орал Таңсықбаев дүниеге келген күн

14.01.2016
Бүгін - Орал Таңсықбаев дүниеге келген күн

Орал Таңсықбаевтың туындылары негізінен табиғат пен шынайылыққа арналды. Өнер иесі театр декорациясының  үлгілерін жасауға да атсалысты. Ол – реалистік кескіндеменің негізін қалаған тұңғыш  кәсіби суретші. Суретшінің  әлемдік өнер көкжиегінде көрініс тапқан картинасы – «Көшпенділер».

Қылқалам шеберінің туындылары мемлекеттік  Третьяков өнер галереясының, көптеген шығыс халықтарының мемлекеттік өнер музейінің залдарында қойылды. Табиғатынан суретші дарынның еңбегі еленіп, КСРО Халық суретшісі атанды. Бүгінде Алматы әндік-қолданбалы өнер колледжі Орал Таңсықбаев есімімен аталады.

Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Есболған Жайсаңбаев сахнада алғаш рет Зейін Шашкиннің шығармасы бойынша қойылған «Замана осылай басталады» қойылымында Пакудин рөлін сомдап бастады.

Кейін келе талантты жастармен бірге Қуандық Шаңғытбаев, Қанабек Байсейітовпен «Беу, қыздар-ай», Гогольдің  «Үйлену» комедияларында Серкенің, Подколесиннің рөлдерінде ойнады.

Актердің ғұмырындағы ең жұлдызды рөлі Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» повесі бойынша қойылған «Аңсаған менің әнімдесіндегі» Сейіт болды. Театр мамандары мен көрермендерді шынайы, табиғи ойынымен баурап алған Есболған Жайсаңбаев кино әлемінде де өзіндік қолтаңба қалдырып үлгерді.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу