Бүгін – Алтынбек Қоразбаев дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Алтынбек Қоразбаев дүниеге келген күн

02.02.2015
Бүгін – Алтынбек Қоразбаев дүниеге келген күн

Әнші, сазгер Алтынбек  Қоразбаев 1948 жылы Жамбыл облысы, Меркі ауданындағы Қызылсай ауылында дүниеге келген.

Көпшілік күні бүгінге дейін сүйіп тыңдайтын «Қара кемпір», «Қара шал», «Сағындым Кенен атамды» әндерінің авторы.

Кененнің «Бозторғай» «Базар-Назар» және «Қайран жастық» әндерін орындайды. Ол өнерде талай шәкірт тәрбиеледі.

Мәдениет саласындағы жоғары жетістіктері үшін Алтынбек Қоразбаевқа 1993 жылы Қазақстан Республикасының, 1994 жылы Қырғыз Республикасының Халық әртісі атағы берілді.

 

Фото: minber.kz

Хабарламаларға жазылу