Бүгін – Сайын Мұратбеков дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Сайын Мұратбеков дүниеге келген күн

15.10.2014
Бүгін – Сайын Мұратбеков дүниеге келген күн

«...Әдебиетіміздің гүлдеп тұрған мәулі бағында Сайын Мұратбековтің жас талдай желкілдеп, бой көтерген тамаша прозасы бітік шығып, алыс көзге түсіп, көз тартары сөзсіз».

Қазатың әйгілі жазушысы Ғабит Мүсірепов  Сайын шығармашылығы туралы пікірін осылай білдірген.  Проза жанрының лирик ақыны атанып, қазақ әдебиетіне жұлдызды шығармалар сыйлаған XX ғасырдың классик жазушысы Сайын Мұратбеков көзі тірі болғанда бүгін 78 жасқа толар еді.

Оның балалық балдәурені Талдықорғанның Қапал ауданына қарасты Қоңыр ауылында өтті. Осы өңірде өзінің болашақ жары Мәрияммен жолықты.

Мектеп қабырғасынан-ақ «Жазушы бала» атанған Сайын Мұратбеков Алматыда білімін жетілдірді. Қысқа шығармаларды шебер жазатын жазушы еліне аянбай тер төкті. Отбасының ұйытқысы болды.

Жазушының жары Мәриям апа да «Адамзаттың ардақтысы еді», деп еске алады.

Қаламгердің сценарийі бойынша «Телес» киносы түсірілді.  Одан басқа да прозалық еңбектерінің ізімен түсірілген фильмдер көрерменге жол тартты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу