Бүгін – Чарльз Чаплин дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Чарльз Чаплин дүниеге келген күн

25.12.2014
Бүгін – Чарльз Чаплин дүниеге келген күн

Чарльз Спенсер Чаплин – XX ғасырдың ең әйгілі кино актерлерінің бірі. Оның фильмдеріндегі Чарлидің бейнесі төрткүл дүниеге танымал. Актер әрбір қимылы мен іс-әрекеті арқылы еріксіз езу тартқызады.

Чарльз Чаплин танымал кино әртістердің отбасында дүниеге келген. Оның балалық шағы Лондонда өткенімен, Швейцарияда ержетті.  Бала күнінен кино әлеміне қызығып өскен бала Чарльз осы саланың жұлдызы болуды армандады. Ержете келе сол арманы орындалды.

Бойына бірнеше дарын қонған актер композиторлық пен продюсерлікті, режиссерлықты қатар ұстап, өнер кеңістігіне еркін қанат қақты. Ол ең алғаш 1910 жылдардағы қысқаметражды фильмде жарқ етіп көрініп, кино әлеміндегі ең әйгілі кейіпкер Чарлидің бейнесін енгізген. Сол бейне арқылы таланттың жұлдызы жанғаны да белгілі.

Әйгілі актердің өмірі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу