Бүгін – Қалтай Мұхамеджанов дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Қалтай Мұхамеджанов дүниеге келген күн

24.12.2014
Бүгін – Қалтай Мұхамеджанов дүниеге келген күн

Қазақ сатирасында өшпес із қалдырған жазушының бірі – Қалтай Мұхамеджанов. Оның «Құдағи  келіпті», «Қуырдақ дайын», «Жат елде» пьесалары кезінде қалың көпшіліктің көңілінен шыққан туындылар еді. Ал, «Бөлтірік бөрік астында» пьесасы Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының репертуарынан әлі де түскен жоқ.

Қаламгердің шығармалары бүгінгі таңда өзекті. Өйткені, Қалтай Мұхамеджановтың кейіпкерлері нағыз қазақтың болмысын көрсетеді.

«Қасында жүрсең, жылдың қай мезгілі болсын, жайма шуақ әсерге бөленесің. Өйткені, ол кісінің жаны – жайсаң. Ол кісі сіздің айтқан әр сөзіңізге жай ғана жауап бермейді. Сатириктің әр айтқан жауабы – көркем әдеби дүние секілді»,-деп еске алады  сатирик Көпен Әмірбек.

Қалтай Мұхамеджановтың айтқан әзіл сөздерінің өзі бір төбе. Карл Маркстің кітабының әр томына қазақтың мақалымен атау берген де Қалекең еді.

Сатирик турасындағы сюжетті толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу