Семейде «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтеді

11.05.2015
Семейде «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтеді

Семей қаласында  ұлы Абайдың әкесі, қайраткер тұлға Құнанбай Өскенбайұлы туралы толықметражды «Құнанбай» көркем фильмі жұртшылық назарына ұсынылады.

Туынды авторы Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ұлттық театр және кино актері, режиссер, продюсер Досхан Жолжақсынов.

Құнанбай қажы туралы фильмнің тұсаукесері Қарауылда 12 мамыр күні, Семейде 13 мамырда, Астанада 16 мамырда («Қазмедиа орталығында», сағат 15:00-де) өтпек. Фильм мамырдың 25-нен кейін еліміздің барлық кинотеатрларынан көрсетіле бастайды.

Хабарламаларға жазылу