Семей өңіріндегі Қарауыл ауылында «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семей өңіріндегі Қарауыл ауылында «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтті

13.05.2015
Семей өңіріндегі Қарауыл ауылында «Құнанбай» фильмінің тұсаукесері өтті

Кино атақты дала кемеңгері, қарадан шығып аға сұлтан болған Құнанбай Өскенбайұлының өнегелі өмірінің бір кезеңін суреттейді.

Картина Құнанбай Өскенбайұлының 1850-1860 жылдары қоғамдық-саяси қызметі күшейе түскен кезеңін бейнелеген. Аса көрнекі тұлғаның билік тізгінін ұстаған шағы қарама-қайшылықтарға толы болған.

Бабамыздың осындай тұлғалық болмысы Досқан Жолжақсынов пен Таласбек Әсемқұловтың сценариімен түсірілген тарихи туындыда көрініс тапты.

Фильмді дайындау үшін, 1 жылға жуық уақыт кеткен. Негізгі түсірілімдер Құнанбайдың туған топырағы Абай елінде 3 ай көлемінде жүргізілді.

Оған «Қазақфильм» киностудиясы актерлерінен бөлек, Абай ауданының мыңға жуық тұрғыны қатысқан. 150 ден астам киіз үй тігіліп, арнайы бәйге де ұйымдастырылған.

Фильмде тек «Құнанбайдың» жеке басы ғана емес, ХІХ ғасырдағы қазақ қоғамының шынайы келбеті мол көрініс тапқан.

Абай елінде тұсаукесері жасалған туынды енді Семей, Астана, Алматы мен еліміздің өзге өңірлеріндегі кинотеатрларда көрсетілмек.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу